Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрғасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық туралы» 2015 жылғы 18 қарашаадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу кезеңі -  2022 жылғы шілде - 2023 жылғы маусым. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу мерзімі -  2023 жылғы 01 маусымнан 14 маусымға дейін.