19 мамырда облыстық ауруханада өз жұмысына жаңа әдістер мен технологияларды белсенді енгізетін акушер-гинекологтар үшін "Әйелдің репродуктивті денсаулығы: кешенді тәсіл. Шешу жолдары" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл кездесу 2019 жылы Челябинск облысының губернаторы мен Қостанай облысының әкімі арасында жасалған меморандум негізінде жүзеге асырылды.
Қатысушылар өз зерттеулерімен және клиникалық тәжірибелерімен бөлісті - 4 баяндама ұсынылды. Ғылыми жұмыстар талқыланып, емдеу мен диагностиканың озық әдістемелері таныстырылды. Бұл Қостанай акушер-гинекологтарына соңғы ғылыми жетістіктерден хабардар болуға және әйелдердің репродуктивті денсаулығы саласындағы жетекші рөлін растауға мүмкіндік берді.
Қостанайлық дәрігерлер алдағы уақытта ынтымақтастық жалғасын табатынына және біздің мамандар Оңтүстік-Орал мемлекеттік медицина университетіндегі әріптестермен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік пайда болатынына сенім білдірді.
Мұндай ғылыми-практикалық конференциялар акушер-гинекологтардың кәсіби дамуының маңызды элементіне айналып отыр, аған қоса науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.