«Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос қызмет орнына конкурс жариялайды:
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Конкурс өткізу күні: хатқалтаны ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
Конкурс өткізу орны: 110000. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, №311 кабинеті: телефон 8 7142 390-517
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан: 110800, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылы,Ленин көшесі,4,телефон: 8 (71437) 22-1-24.
Негізгі қызметі:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тіркелген халыққа консультациялық-диагностикалық, стационарлық нысанда алғашқы медициналық-санитарлық, білікті мамандандырылған көмек көрсету;
- ақылы медициналық қызмет көрсету;
- диагностика, зертханалық диагностика;
- сараптамалық медициналық қызмет;
- фармацевтикалық қызмет;
- ғылымның жаңа жетістіктерін тәжірибеге енгізу бойынша тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату;
- ғылымның жаңа жетістіктерінің алдын алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру.
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» РМК конкурсқа қатысушыларды ұсыну талаптары:
Мынадай:
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш ұсыну мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы жарнамасын орналастырған күннен кейін анықталады.
Құжаттарды қабылдау мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы жарнамасын орналастырған күннен кейін отыз күнтізбелік күннен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурс қатысушысы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктігіне (біліктігін арттыру, білімі деңгейі мен атағын, ғылыми жарияланымдарын беру, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс беруі туралы құжаттары көшірмесі) қатысты қосымша ақпараттарды ұсынуы тиіс.
Қатысушы хатқалтаға конкурстық өтінім түпнұсқасын салып, оны «Түпнұсқа» деп белгілеп желімдейді. Осы хатқалтада қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін хатқалта сыртқы хатқалтада желімделінеді.
Ішкі және сыртқы хатқалталар:
1) «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ мына мекен-жайы бойынша жіберілуі тиіс: Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, 311 каб.;
2) Қамысты аудандық ауруханасы "коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі мүшелерінің байқауы» және «2023 жылғы «15» маусым сағат 10 дейін ашпау» деген сөздер болуы керек.
Конкурстық өтінім бір данадан жіберіледі.
Құжаттарды қабылдауды бастау күні: 2023 жылғы «16» мамыр