ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АЛҚАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ АЛҚАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Алқа отырысында медициналық мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен кадр мәселесі талқыланды. 
     2022 жылдың қорытындысына сәйкес, өңірде жаңа туған сәбилер қайтыс болуы бойынша 123 жағдай тіркелген. Ай сайын 16-17 жағдай орын алған болса, биыл ай сайын 6-7 жағдайға дейін азайған. Нәрестелер өлімін төмендету мақсатында апта сайын өтетін штаб жұмысы қайта қолға алынған. Данияр Серікұлы, өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді айта отырып, дәрігерлердің жетіспеушілігіне де баса назар аударды. “Өңірге 2022 жылы, 126 дәрігер жұмысқа тартылды. Оның 62-сі - жас мамандар болса, 64-і - басқа өңірлерден келген білікті мамандар. Бұл орайда “Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында да жұмыс жүргізіліп отыр. 100 АЕК көлемінде 9 дәрігер үстемақы алған болса, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1500 АЕК көлемінде 6 дәрігер көмек алды” деп атап өтті басқарма басшысы. 
      Облыс әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы қазіргі уақытта басты міндет - медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Оған қоса, ол Денсаулық сақтау басқармасына дәрігерлермен бірлесіп пациенттердің проблемаларын қарауды және шешуді, мүмкіндігінше теріс пікірлер мен шағымдардың санын азайту үшін – медициналық ұйымдар рейтингінің имиджін қалыптастыруды тапсырды.