"Эпилепсия соңғы үкім емес" тақырыбындағы семинар

"Эпилепсия соңғы үкім емес" тақырыбындағы семинар
4 наурыз күні Қостанай облысының дәрігерлеріне ( нейрохирург, невропатолог, эпилептолог және радиолог) арналған Өтегенов Жасұлан Ерғалиұлы, Астана қ., эпилептолог дәрігерінің “Эпилепсия - соңғы үкім емес” атты семинары өтті. Жиында дәрігерлер аталмыш ауру кезінде диагностиканың дұрыс жасалуы маңызды екеніне тоқталды.
      Патологияны анықтаудың негізгі әдісі – ЭЭГ. Сонымен қатар миға МРТ жасау да өте маңызды. Өйткені бұл зерттеу арқылы ұстаманың себебі – ісіктер, жарақат, аневризма анықталады. 
      Тырысулар сирек болса да және науқастың қалыпты өміріне аса кедергі келтірмесе де эпилепсияны емдеу керек деген пікірде мамандар. Бұл ауру болжам білмейтін асқынуларымен аса қауіпті және адам өліміне алып келуі мүмкін.