Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаевпен бірге Ұзынкөл аудандық ауруханасына сапармен барды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаевпен бірге Ұзынкөл аудандық ауруханасына сапармен барды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаевпен Ұзынкөл аудандық ауруханасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. 2020 жылы мекеме шатыры мен қоршауы алмастырылып, хирургия бөліміне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Сонымен қатар, хирургия бөлімінің отадан кейінгі бөлмелеріне жаңа төсекорындар алынды. Бірнеше бөлім өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталды. Сондай-ақ, мұнда вакуум асператор мен физиоемдеу кабинетіне 3 УВЧ-аппаратымен қатар 2 ультрадыбыстық терапия аппараттары алынған. Медициналық мекеменің өз лабораториясы да бар. 
     Ұзынкөл ауданына келген жас мамандарға да барлық жағдай жасалған. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінде 70млн.теңге қарастырылған.
  Жұмыс сапары барысында облыс басшысы аурухананың жұмысын жақсарту мақсатында аурухана дәрігерлерін оқыту үшін республикалық медицина орталықтарының мамандарын шақырту қажеттігін атап өтті.
   Айта кету керек, Ұзынкөл аудандық ауруханасында 13 мың халыққа қызмет көрсетіледі.