Құрметті Қостанайлықтар!

Құрметті Қостанайлықтар!

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев Қостанай қалалық ауруханасының ұжымына жаңа басшы Уәлиев Бекболат Дүкенбайұлын таныстырды.

      Оның жаңа тағайындалуының алдында «Бейімбет Майлин ауданының аудандық ауруханасы» КМК бас дәрігері ретінде 8 жылдық жұмыс өтілі болды.

Бекболат Дүкенбайұлының үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ол еңбек қызметін 1987 жылдан бастаған. Торғай облыстық ауруханасының балалар хирургиясы бойынша интерн дәрігері, балалар хирургы, содан кейін Жангелді АОА бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып үлкен еңбек жолынан өтті. Сондай-ақ, Арқалық қалалық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қалалық балалар ауруханасының балалар хирургы болып қызмет атқарды. «Жангелдин АОА» КМК бас дәрігері болды.

     Қостанай қалалық ауруханасы тәжірибелі ұйымдастыруды және сапалы тәсілді талап ететін күрделі нысандардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Бекболат Дүкенбайұлына жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз!