Медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесі

Медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесі

2023 жылғы 24 қаңтарда облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен, мемлекеттік сатып алу мамандарымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Қарапайым заттар экономикасының" 8 саласының тауарларын сатып алуда елішілік құндылық үлесіне қол жеткізу және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттілігі туралы мәселе қаралды.

2023 жылға нысаналы индикаторлар (KPI) жеткізілді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасы бойынша түсініктемелер берілді.