6 қаңтарда Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.А. Карплюк Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен бірге Быковский көшесіндегі Қостанай облыстық балалар ауруханасының ғимаратына барды.

Анықтама: бұл ғимаратты күрделі жөндеуді 2020 жылы "Вершина" ЖШС мердігерлік ұйымы бастады және 2021 жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс еді. Алайда, сот талқылауларына байланысты бүгінгі күні жөндеу аяқталған жоқ.

Сапар барысында депутаттар жөндеу жұмыстарының ағымдағы жай-күйімен танысты, сондай-ақ аурухана басшылығы (тапсырыс беруші) мен мердігер ұйым өкілін тыңдады.

Тапсырыс беруші облыстық балалар ауруханасы базасында жөндеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін жөндеу жүргізу шартын қалпына келтіру үшін құжаттар Қаржы министрлігіне жіберілгені туралы ақпарат берді. Мердігер ұйым тарапынан а. ж. қаңтар айының соңына дейін атқарушылық құжаттама ұсынылатыны айтылды (2020-2021 жылдар аралығында объектіде жүргізілген барлық жұмыстарды аудару).

Сондай-ақ, Тапсырыс беруші бүгінгі күні жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қажетті соманы нақтылау мақсатында жобаны түзету жүргізіліп жатқанын атап өтті. Түзету аяқталғаннан кейін бұл жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі, содан кейін жөндеуді аяқтау мүмкіндігі анықталады.

Депутаттар бұл жағдайда жөндеуді тезірек аяқтау басымдық болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл мәселені шешуге өз тарапынан көмек көрсетілетіні айтылды.