2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау мерзімі орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмайтынын еске саламыз. Ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды a.bekenova@kostanay.gov.kz. электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз

2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

 

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың мақсатты тобы

Күтілетін нәтиже

 

1

Психоактивті заттарды, оның ішінде жаңа синтетикалық препараттарды қолданудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу

18900 млн теңге

ҚР халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы

жасөспірімдер, жастар, ересектер саны кемінде 10 000 адам

1. Нысаналы топтар арасында профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізу, есірткі заттарын қолдануға теріс қатынасты қалыптастыру.

2. Облыс тұрғындарының есірткі заттарының адамның физикалық және психологиялық денсаулығына зиянды әсері туралы хабардарлығын арттыру.

3. Заттарды қолданудың таралуын азайту.

2

Халықтың негізгі топтарында АИТВ-ның алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу

18900 млн теңге

ҚР халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы

халықтың негізгі топтары (МСМ, ЛУИН) кемінде 1 119 адам

Инъекциялық есірткі қолданатын адамдар тобында, сексермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдарда профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізу, халықтың негізгі топтарының (бұдан әрі-кгн) профилактикалық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту, кгн арасында АИТВ-инфекциясын тіркеуді төмендету және АИТВ-ның одан әрі таралуын азайту.

3

Халық арасында туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу

18900 млн теңге

ҚР халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы

кем дегенде 5000 адам қамтылған жастар, ересектер.

Тәуекел факторлары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте кезеңде анықтау, туберкулездің дамыған түрлерін қысқарту, емдеуге бейімділігін арттыру, сол арқылы емдеуден алшақтау санын азайту. Емдеудің сапасы мен тиімділігін арттыру.

4

Репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу

2100 млн теңге

ҚР халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы

кем дегенде 3000 адам қамтылған жасөспірімдер, жастар, ересектер

Темекі, алкоголь, есірткі, ЖЖБИ, АҚТҚ/ЖҚТБ, жоспарланбаған (ерте) жүктілік, физикалық белсенділіктің төмендігі сияқты қауіп факторлары туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Оқыту қызметтерін көрсетудің сапасы мен санын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар үшін нақты практикалық ұсынымдар, әлеуметтік жобаның қызметі туралы тақырыптар бойынша әдістемелік ақпараттық құралдар мен анықтамалықтар.