Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК 2002 жылдан бастап "Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері" атты тоқсан сайын ғылыми-практикалық журнал шығарады. Журналда халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері, профилактикалық денсаулық сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың стратегиялық аспектілері, балалар, әйелдер мен еркектер денсаулығы туралы жжазылады.
"Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері" ғылыми журналы қоғамдық денсаулық сақтау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиясы, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оның алдын алу саласында бейінді журнал ретінде өзін табысты көрсете білді.
Редакция авторларды "Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері" журналына мақала жариялауға шақырады. Қазіргі уақытта 2022 жылғы 12 қазанға дейін 2022 жылғы №3 және №4 шығарылымға материалдарды қабылдау жүзеге асырылуда.
Редакцияға келіп түскен барлық мақалалар міндетті түрде рецензияланады. Қолжазбаларды жариялауға ақы алынбайды.
Журналдың өзі туралы толық ақпаратпен, мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен, жариялау шарттарымен, журнал нөмірлерінің мұрағаттарымен басылымның https://hls.kz/magazine сайтында танысуға болады.