Қазақстан бойынша екі медициналық пойыз жүреді...

Қазақстан бойынша екі медициналық пойыз жүреді...

Қазақстан бойынша екі медициналық пойыз жүреді: «Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырда басталып, 6 қарашаға дейін 79 станцияға, ал «Саламатты Қазақстан» пойызы 20 маусым мен 2 қараша аралығында 68 станцияға барады.

«Медициналық пойыздар» жобасының мақсаты тегін негізде сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізе алмайтын еліміздің шалғай станциялары мен жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын медициналық тексеру және диагностикалау болып табылады.

Біздің облыста «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы қыркүйектің 11-і мен 29-ы аралығында 9 станциясына барады.

Қосымша ақпаратты https://medpoezd.kz/ru веб-сайттан, инстаграм @medpoezd.kz; фейсбук medicinskiepoezda табуға болады.