Өңірдегі мемлекеттік және жеке стационарлар басшыларының назарына!

Өңірдегі мемлекеттік және жеке стационарлар басшыларының назарына!

Қайырымдылық науқаны аясында 2022 жылғы 1 мамыр мен 31 қазан аралығында ОЛИМП КДЗ өңірдегі барлық стационарлардың пациенттері үшін Прокальцитонин және Интерлейкин-6 тегін зертханалық зерттеулерін өткізеді.
Бұл зерттеулер бактериялық инфекцияның, іріңдік-сепсистік асқынудың, ауыр қабыну реакциясының болу күдігі бар, әсіресе, реанимация және интенсивті терапия, хирургия бөлімшелерінің пациенттеріне диагноз қою және емдеу тактикасын таңдау кезінде өмірлік маңызды болып табылады.
        Медициналық ұйымдардан зертханаға пациенттердің биоматериалын (көктамыр қанын) тасымалдау үшін курьерлік қызмет те тегін ұсынылады.
Медициналық ұйымдар биоматериалды зерттеуге жіберу үшін Сіздің өңірдегі ОЛИМП КДЗ өкіліне 8 701 961 44 09 телефон нөмірі бойынша хабарласуы қажет.
Қайырымдылық науқанын өткізу мерзімі қысқартылуы мүмкін, ол туралы қосымша хабар беріледі.