Қостанай облысы бойынша 2022-2023 оқу жылына денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы бойынша 2022-2023 оқу жылына денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ медициналық ЖОО мәліметіне Қостанай облысы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін талап етілетін мамандықтар тізімін жеткізеді:

- ересектерге, балаларға арналған анестезиология және реанимация (6R11260 Ересектер, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы-5 грант;

- Акушерлік және ересектер, балалар гинекологиясы-5 грант;

- Гематология (ересектер) – 2 грант;

- Жұқпалы аурулар ересектер, балалар-3 грант;

- Ересектер, балалар кардиологиясы – 3 грант;

- Ересектер, балалар неврологиясы – 3 грант;

- Неонатология-3 грант;

- Онкология-2 грант;

- Ересектер, балалар оториноларингологиясы-2 грант;

- Педиатрия-3 грант;

- Ересектер, балалар психиатриясы – 5 грант;

- Радиология-1 грант;

- Сот-медициналық сараптама – 6 грант;

- Терапия-3 грант;

– Ересектер фтизиатриясы, балалар фтизиатриясы-2 грант;

- Ересектер эндокринологиясы, балалар эндокринологиясы-2 грант.

Медициналық ЖОО үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс (бұдан әрі - Конкурс) жариялайды.

Медициналық жоғары оқу орындары конкурстық құжаттаманы қоса алғанда 2022 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей электрондық нысанда zh.iskakova@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайға ұсынады

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін медициналық жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді электрондық форматта береді:

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ-ге электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім береді:

1) осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО-ның өтінімі;

2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖОО сауалнамасы;

3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен расталады және конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады

.

 

(«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ әкімшілік-заң бөлімі, тел. 8 714 2 39 05 17, электрондық пошта)