Қостанай облысында халықтың covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациясы бойынша

Қостанай облысында халықтың covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациясы бойынша

«Қазақстан Республикасында халыққа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 Қаулысына сәйкес:  

  1. КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға жататын халықтың контингенттері (тәуекел топтары) айқындалды:

1) медицина қызметкерлері;

2) педагогтар;

3) күш құрылымдарының қызметкерлері;

4) медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

5) 60 жастан асқан адамдар;

6) КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар;

7) өз бетінше тексерілген өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.

  1. КВИ-ге қарсы ревакцинациялау КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың алғашқы курсында қолданылмаған вакцина типтрімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, м-РНҚ-вакцина) жүргізіледі.
  2. КВИ-ге қарсы ревакцинациялау мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:

1) векторлық вакциналарды (Спутник V) енгізгеннен кейін – 9 айдан кейін;

2) белсенділігі жойылған вакциналарды (QazVac, Vero Cell, CoronaVac) және м-РНҚ-вакциналарды (Comirnaty) енгізгеннен кейін – 6 айдан кейін.

  1. КВИ-ге қарсы ревакцинациялауды КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі.

Облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау  22 қарашадан бастап басталады.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда Sputnik V вакцинасының қалдығы бірінші компоненттің 42,7 мың дозасын және екінші компоненттің 55,3 мың дозасын, QazVac вакцинасының 41,9 мың дозасын (19,3 мың адамға) және Vero Cell вакцинасының 182,9 мың дозасын құрайды (87,9 мың адамға).