Қостанай облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы ақпарат

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы ақпарат

Облыста 22 қарашадан бастап халықты коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналау басталады.

Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайта вакцинацияға жатады.

Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда Sputnik V вакцинасының қалдығы бірінші компоненттің 42,7 мың дозасын және екінші компоненттің 55,3 мың дозасын, QazVac вакцинасының 41,9 мың дозасын (19,3 мың адамға) және Vero Cell вакцинасының 182,9 мың дозасын құрайды (87,9 мың адамға).

Сондай-ақ, облыста 12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді, жүктілігі 16 аптадан асқан жүкті әйелдерді, сондай-ақ босанғаннан кейін 42 күннен кейін бала емізетін әйелдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жатқызылатын контингентті қамту үшін облысқа 66 690 адам (оның ішінде 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, 48 мың адам) 133 380 доза Комирнати (Pfizer) вакцинасының жеткізілуі күтілуде.

Облысқа -40 пен -86 градус аралығындағы температурада вакциналарды сақтауға арналған 2 бірлік мұздату қондырғысы алынды.

Вакцинаны облыстағы барлық егу пункттерінде (оқу орындарының емханалары мен медициналық пункттерінде) алуға болады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер вакцинаны тек ата-анасының жазбаша келісімімен ғана ала алады.