Еліміздің салауатты болашағы үшін

Еліміздің салауатты болашағы үшін

«Денсаулық жолы 1» қоғамдық бірлестігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Репродуктивтік денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасы бойынша жұмысты қорытынды пресс-конференциямен аяқтады.Кездесу ұйымдастырушылары жиналған журналистерге, қоғам бірлестіктеріне жобаны іске асыру бойынша мәселелері мен сәттіліктері туралы айтып берді.Пандемияға байланысты қиын жағдайға қарамастан мамандар Арқалық қ, Меңдіқара, Жітіқара, Федоров аудандарының колледж және жалпы беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істей алды.Дөңгелек үстелдер, лекциялар, семинарлар, тренингтер, еріктілердің қатысуымен акциялар, репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша ақпараттандыру деңгейінің біліміне сауалнамалар өткізілді. Іс-шара қатысушылары жастарды тәрбиелеумен байланысты мәселелерді, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы өз ойларымен бөлісті.