Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "ММ 2021 жылғы 15 қыркүйектен бастап азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – МСАК ұйымы) бекіту науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

15 қыркүйектен бастап жыл сайынғы тіркеу науқаны басталады. Облыс тұрғындарына өз таңдауы бойынша Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу мүмкіндігі беріледі. Үйден шықпай-ақ eGov электрондық үкімет веб-порталына тіркелуге болады. Процедура үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Сонымен қатар, барлық емханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

Қостанай облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін кез келген медициналық мекемесіне тіркелуге болады-Қостанай қаласында бұл 1,2,3,4 және жеке меншік емханалар: 5 емхана, Уромед ЖШС және ТЖ ауруханасы.

2021 жылғы 10 қыркүйектегі бекіту науқанының нәтижелері туралы деректер: Қостанай облысында барлығы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға – 840168 пациент тіркелген, 2020 жылы медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын пайдаланған пациенттер саны - 1338.