Репродуктивті денсаулықты қорғау

Репродуктивті денсаулықты қорғау
2020-2025 жылдарға арналған ҚР-ның денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында, ҚОӘДСБ тапсырысы бойынша, «Путь здоровья - 1» ҚБ «Репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыруды бастады.
Карантин аясында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жобаға сәйкес: Арқалық қ., Меңдіқара а., Жітіқара а., Федоров а. қамту жоспарлануда, негізгі мақсатты топтар: жасөспірімдер, жастар және ересек тұрғындар болады.
Негізгі мақсат, жоспарланбаған (ерте) жүктіліктің, жыныстық жолмен
берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) АИТВ-ның алдын алу арқылы қауіпсізи мінез-құлықты қалыптастыра отырып, жасөспірім жастан бастап еркек және әйел адамдардың репродуктивті денсаулығын қорғау туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталатын болады.