1 ақпанда халықты коронавирусқа қарсы егу басталады

1 ақпанда халықты коронавирусқа қарсы егу басталады

Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті вакцинация бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілді.

Егу процесіне барлығы 31 медициналық ұйым (26 Мемлекеттік және 5 жеке меншік емхана) тартылатын болады.

Бұдан басқа, вакцинациялау кезеңділігіне сәйкес мектеп-интернаттар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, балалардың жабық мекемелері және басқа да адамдар үшін әрбір емхана жанынан бір жылжымалы егу бригадасын қарастырамыз.

Осылайша, облыста 93 стационарлық және жылжымалы егу пункттері вакцинация жүргізеді. Вакцинация пункттерін 150-ге дейін кеңейту үшін резерв бар.

Медициналық ұйымдардың 160 жауапты мамандары келесі бағыттар бойынша оқытылды: қабылдау, тасымалдау және вакцинациялауды ұйымдастыру, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.

Сақтау температурасы минус 20 градус және одан төмен 120 бірлік мұздатқыш жабдық сатып алынады. Бұл бір мезгілде вакцинаның 73 мың дозасын қабылдауға мүмкіндік береді. Біріншісі осы аптаның соңында жеткізіледі. Вакцинаны облыстың шалғай аудандарына тасымалдау үшін "суық тізбекті" қолдау мақсатында авторефрижератор және хладоэлементтері бар 100 термоконтейнер сатып аламыз. Сонымен қатар, бүгінгі таңда көлемі 2-ден 50 литрге дейін 817 термоконтейнер бар.

Бұл ретте мұздатқыш жабдықтың бос көлемі қазірдің өзінде 8,8 мың дозаны қабылдауға мүмкіндік береді.

Вакцинациялау үшін адамдар контингенті анықталды (бірінші кезекте олар: инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің қызметкерлері).