«Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері (директоры) бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы хабарландыру

«Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас дәрігері (директоры) бос лауазымына орналасуға арналған конкурс туралы хабарландыру

«Қостанай қалалық ауруханасы» КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) Байқау кеңесі Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 149-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 1-1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №305 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Кәсіпорынның Бас дәрігері (директоры) бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілу мерзімі: конверттер ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Конкурстың өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 9.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 9.
Телефон: 8-714-2-53-57-35.
Электрондық пошта мекенжайлары: kostgorbol@mail.ru, kostgorbol@med.mail.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы

Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға қатысты конституциялық құқықтарын іске асыруды және олардың сақталуына кепілдіктерді қамтамасыз ету.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: тіркелген халыққа ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын және стационарлық нысандарда көрсету; ақылы медициналық қызметтер көрсету; диагностика, зертханалық диагностика; медициналық сараптамалық қызмет; фармацевтикалық қызмет және басқа да қызмет түрлері.

Бас дәрігердің (директордың) негізгі лауазымдық міндеттері

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын және оларды іске асыру тетіктерін айқындайды.

Персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді, көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған жұмыстарды қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және өзіне бағынысты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.

Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнінде пәрменді шаралар қабылдайды.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі заңдылықтың, оның ішінде қаржылық-шаруашылық басқару мәселелерінің сақталуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта таныстырады.

Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптардың, жабдықтар мен механизмдердің техникалық пайдаланылуының, өрт қауіпсіздігінің, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Ұйымның есептілікті уақтылы ұсынуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсын бітіргені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);
  • немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
  • денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
  • басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілі.

Білуге тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26867 болып тіркелген);

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;

денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін;

басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды;

медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын;

денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибелерін;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді;

отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені;

қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормаларды;

төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыруды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі:

2026 жылғы 9 қыркүйектен 24 қыркүйекке дейін.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін тұлғалар

  1. он сегіз жасқа толмаған тұлғалар;
  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек шарты, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №148139 болып тіркелген);
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсынады:

Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 9.

Немесе электрондық түрде мына электрондық пошта мекенжайларына жібере алады:

kostgorbol@mail.ru
kostgorbol@med.mail.kz

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелері мен атақтарының берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдарды) ұсына алады.