Қостанай облысы әкімінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 62-ө өкімі негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (резидентура) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын (резидентура) орналастыру үшін жоғары білім беру ұйымдары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен конкурс жарияланады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ЖЖОБҰ) конкурстық өтінімді электрондық форматта береді және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы) дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына, қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОБҰ ақпараттық картасын толтырады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 13 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленуі, ЖОО-ның бірінші басшысымен қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және 2026 жылғы 29 маусымнан (09-00 сағат) 2026 жылғы 13 шілдеге дейін (18-30 сағат) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ әкімшілік-кадр бөлімінің бас маманы С.З.Медыбаеваның s.medybaeva@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық форматта ұсынылуы тиіс. Өтінімнің қабылданғанын 8 (714 2) 52-42-47 телефоны арқылы растау қажет.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
|
7R01 Денсаулық сақтау (медицина) |
7R011 Денсаулық сақтау |
60 |
|
Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Оториноларингология (ересектер, балалар) |
3 |
|
|
Нейрохирургия (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Нефрология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Неврология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Офтальмология (ересектер, балалар) |
5 |
|
|
Гастроэнтерология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Кардиология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Педиатрия |
1 |
|
|
Радиология |
2 |
|
|
Урология және андрология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Сот-медициналық сараптама |
2 |
|
|
Психиатрия (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Ядролық медицина |
1 |
|
|
Акушерлік және гинекология (ересектер, балалар) |
4 |
|
|
Онкология (ересектер) |
4 |
|
|
Патологиялық анатомия |
2 |
|
|
Жалпы хирургия |
2 |
|
|
Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Онкология және гематология (балалар) |
3 |
|
|
Клиникалық фармакология |
2 |
|
|
Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Неонатология |
3 |
|
|
Эндокринология (ересектер, балалар) |
2 |
|
|
Гематология (ересектер) |
2 |