«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесінің мүшесін іріктеу бойынша конкурс жариялайды:
Конкурсты өткізу күні: хатқалтаны ашқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
Конкурсты өткізу орны: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, № 310 кабинет, телефон 8 7142 266-306
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекенжай бойынша орналасқан: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ. Быковский көшесі 4а, телефоны: 8(7142) 266-306.
Негізгі қызметі: қанды және оның компоненттерін алу, әзірлеу, консервілеу, қайта өңдеу, өткізу және сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Келесі тұлғалар:
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі бола алмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш ұсыну мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырғаннан кейін анықталады.
Құжаттарды қабылдау мерзімді басылымдарда конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби біліктігіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары туралы құжаттардың көшірмесі) қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
Қатысушы хатқалтаға конкурстық өтінім түпнұсқасын салып, оны «Түпнұсқа» деп белгілеп желімдейді. Осы хатқалтада қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мен мекенжайы көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін хатқалта сыртқы хатқалтаға салынады.
Ішкі және сыртқы хатқалталар:
1) мына мекенжай бойынша орналасқан: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ., Быковский көшесі 4 «а», № 310 кабинет, телефон 8 7142 266-306, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуі тиіс;
2) мынадай сөздерді қамтуы тиіс: «Облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2026 жылғы «03» шілде күнгі сағат 10.00-ге дейін ашпаңыз».
Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімді басылымда көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы «04» маусым.