Техникалық сипаттама
Газетте хабарландыру жариялауға
Сатып алынатын қызметтердің атауы: газетте (Қостанай облысы) Байқау кеңесінің мүшесін іріктеу бойынша конкурсқа хабарландыру жариялау.
Қызмет сипаттамасы: Байқау кеңесінің мүшесі лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымдарында (әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын) жарияланады. Хабарландыруды жариялау 2 тілде-қазақ және орыс тілдерінде болуы тиіс. Газет аптасына кемінде 1 рет шығарылып, Қостанай қаласы мен Қостанай облысына таратылуы тиіс.
Қызмет көрсету мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Міндетті шарт: жариялау алдында хабарландыру мәтіні Тапсырыс берушімен келісілуі керек.