Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК қадағалау кеңесінің мүшесін іріктеу бойынша конкурс

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК қадағалау кеңесінің мүшесін іріктеу бойынша конкурс

 

«Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» КМК қадағалау кеңесінің мүшесін іріктеу бойынша конкурс жариялайды

 

          Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекенжайда орналасқан: 110010. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ., С. Көбеев к-сі, 2, телефоны: 8(7142) 73-03-22.

          Негізгі қызметі: кеңбейінді аурухананың  және мамандандырылған аурухананың  қызметі.

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні: 2025 жылғы 18 қыркүйек.

          Үміткер мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысуға өтінімді мына мекенжай бойынша ұсынады: 110010. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ., С. Көбеев к-сі, 2, телефоны: 8(7142) 73-03-22.

          Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы қадағалау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

          1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

          2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

          3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

          Қадағалау кеңесінің мүшесі етіп мына тұлғаларды  сайлауға болмайды:

          1) соттылығы өтелмесе немесе алынбаса;

          2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан артық осы заңды тұлғаның басшысы болған жағдайда;

          3) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған болса;

          4) қадағалау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынаста болса.

          Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізудің хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады.

          Құжаттарды қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

          1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

          2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

          3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

          4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

          5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

          6) Еңбек Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

          7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтары болмағанын растайтын құжаттар.

          Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

          Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген ашықхатқа салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін ашықхат сыртқы ашықхатқа салынып мөрленеді.

          Ішкі және сыртқы ашықхаттар мына мекенжайға жіберілуі керек:

          1) Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны: 110010. Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қ., С. Көбеев к-сі, 2,

           2) «Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «қадағалау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және «2025 жылғы 20 қазанға» дейін ашуға болмайды" деген сөз болуы керек.

          Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.