«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «Денсаулық жолы-1» қоғамдық бірлестігі Алтынсарин ауданында бірқатар іс-шаралар өткізді.
АИТВ-инфекциясының, ЖЖБИ, парентеральді вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша дәрістер жастарға денсаулықты жас кезінен сақтау және қауіпті мінез-құлықтан аулақ болу керектігін түсіндіруге көмектеседі.
Ақпарат кездесу және тренинг барысында оқушылар АИТВ-инфекциясы мәселесіне қатысты өз көзқарастарын, ойларын білдіруге, сұрақтар қоюға мүмкіндік беретіндей түрде ұсынылды.