«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі- МСАК ұйымы) бекіту науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі- МСАК ұйымы) бекіту науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

МСАК ұйымдарына азаматтарды тіркеу сұрау салу бойынша ЭЦҚ болған кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүргізіледі.

Қостанай облысының МСАК көрсететін кез келген медициналық мекемелеріне тіркелуге болады. Қостанай қаласында 1, 2, 3, 4 емханалар және "№5 емхана" ЖШС, "Уромед" ЖШС және "ТЖ ауруханасы" ЖШС жеке медициналық ұйымдарына тіркелуге болады.

МСАК көрсету адамды МСАК ұйымдарына тіркелу негізі болып табылады және мына қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:

1) МСАК-тің аумақтық қолжетімділігі; ;

2) МСАК ұйымын еркін таңдау арқылы жүзеге асырылады;

3) МСАК маманын еркін таңдау (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр);

4) Отбасылық қызмет көрсету;

5) Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, МСАК ұйымдарының тең құқылығы мен адал бәсекелестігі қағидаттарына негізделеді.

МСАК ұйымдарына тіркелу медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын маңдағы емханаға бекітілетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, Республикалық маңызы бар қалалар, Астана) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.

МСАК маманын еркін таңдау учаскеде (МСАК маманына бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек субъектісі Халыққа қызмет көрсету аумағының бір бөлігінде) бекітілген халықтың санын ескере отырып, бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде жүзеге асырылады.

Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін "МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі іске асырылды.

МСАК ұйымы пациентке Мемлекеттік қызметтерді өз бетінше жүгінген кезде немесе ЭҮП арқылы ұсынады.

"МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту" тікелей жүгінген кезде өтінімді ресімдеуді ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда адамдардың мынадай санаттары бере алады:

1) зейнеткерлер;

2) мүгедектер;

3) заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қорғаншылар (осы санаттағы жеке тұлғалар кәмелетке толған болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және ҚР заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның

құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастыратын басқа да адамдар (заңды өкілдер);

4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);

5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитындар;

6) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері;

7) шет мемлекеттерде туған балалар;

8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;

9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндердің құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын маңдағы емханаға тіркелетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан пациенттің әкімшілік-аумақтық бірліктен (ауылдың, кенттің, қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тыс жерде нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;

3) бекітілген халықтың саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас халық, учаскелік терапевтке 2200 адам, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан асуы.

4) балалар мен жоғарыда көрсетілген адамдар бекітілген жағдайда, заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.

Науқан кезеңінде тіркелу сіздің таңдау құқығыңызды жүзеге асырудың жалғыз жолы емес. Егер тұрғылықты жері бір айдан астам уақытқа өзгерсе, ағымдағы жылы емхананы ауыстыруға болады. Егер емханада қайта құру болса және ол қор жеткізушілері қатарынан шығарылса. Тіпті ешқандай себепсіз де сіздің жылына бір рет тұрғылықты жеріңіздің шегінде тіркелу ұйымын ауыстыруға құқығыңыз бар.