Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялау

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖОО арасында конкурс жариялау

Қостанай облысы әкімінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 77-ө өкімі негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары білім беру ұйымдары арасында конкурс жарияланады. 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) электрондық форматта конкурстық өтінім береді және Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ ақпараттық картасын толтырады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 30 маусым мен 14 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімге ұсынылатын құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен куәландырылуы тиіс және электрондық форматта s.medybaeva@kostanay.gov.kz электрондық мекенжайына 2025 жылғы 30 маусымнан бастап (сағат 09-00-ден) 2025 жылғы 14 шілдеге дейін (сағат 18-30-ға дейн) ұсынылады. Өтінімнің қабылданғанын 8 (714 2) 52-42-47 телефондары арқылы растау қажет.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаты мен күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Кешігу себептеріне қарамастан, конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінім қаралмайды. Конкурстық өтінімдердің ұсыну мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.