
Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің 2026 жылғы 01 шілдедегі қорытындылары
Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 438 медициналық нысан кіреді.
Облыс тұрғындарына емдік-профилактикалық көмек көрсетеді: 27 стационарлық мекеме (16 аудандық аурухана, 9 қалалық аурухана, 2 ауылдық аурухана), Облыстық фтизиопульмонология орталығы, Психикалық денсаулық орталығы, Жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖИТС-ты алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Қан орталығы, 6 емхана, 37 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 283 медициналық пункт, 1 алғашқы акушерлік-гинекологиялық көмек бөлімшесі, 1 арнайы медициналық жабдықтау базасы, 2 медициналық колледж, 2 балалар үйі, 1 оңалту орталығы.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2026 жылғы 01 шілдеге 130,8 млрд. теңгені (2025 жылы – 113,2 млрд. теңге) құрады, оның ішінде:
– әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы шығыстар 107,8 млрд. (2025 ж. – 96,2 млрд. теңге), оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін өтеуге 57,8 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 50 млрд. теңге бағытталған;
– 23 млрд.теңге сомасында шығыстар (2025 ж. – 18 млрд. теңге) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ТМККК және МӘМС шеңберінде 66 жеткізушімен медициналық көмек көрсетуге шарт жасасты, оның ішінде 42 мемлекеттік, 24 жеке меншік.
Кредиторлық берешек 2026 жылғы 1 шілдеге 3,6 млрд.теңгені құрады (2025 жылғы 1 шілдеге – 2,5 млрд. теңге).
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) ұлғаю үрдісіне ие, 2026 жылдың 6 айы қорытындысы бойынша – 77,2/636 құрайды, 2025 жылмен салыстырғанда (2026 жылдың 6 айы – 66,2/548).
ҚАЖА (10 мың тұрғынға шаққанда) ауруы 1754,8 – 13 633 адамды құрады, 2025 жылмен салыстырғанда – 1 809,6 – 14 213 адам, көрсеткіштің төмендеуі байқалады.
Өткен жылдың деңгейінде қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткіші қалып отыр және (100 мың тұрғынға шаққанда) – 80,9/332 құрайды. (2025 жыл – 79,5/328).
2026 жылдың 6 айы бойынша жалпы өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда) 4,1 – 3 398 жағдайды құрайды (2026 жылдың 6 айы – 3,8/3177).
2026 жылдың 6 айы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттану (100 мың тұрғынға шаққанда) – 319,2/1310 жағдайды құрады, 2025 жылмен салыстырғанда – 312,5/1289, көрсеткіштің аздаған өсуі байқалады.
Туберкулезден болған өлім көрсеткіші 2026 жылдың 6 айы бойынша (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,4 – 3 жағдайды құрады және 2025 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен аспайды: 0,4 – 3 жағдай.
Туберкулезбен сырқаттану (100 мың тұрғынға шаққанда) 17,7 – 145 жағдайды құрайды, 2025 жылмен салыстырғанда: 19,2 - 158 жағдай.
Жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан болатын өлім көрсеткішінің шамалы өсуі байқалады (100 мың тұрғынға шаққанда) және 25,6/211 жағдайды құрайды, 2025 жылмен салыстырғанда – 23,7/196 жағдай.
Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша ана өлімінің көрсеткіші (100 мың тірі туылғандарға шаққанда) – 0 жағдайды (2025 жылдың 6 айы бойынша – 29,7 – 1 жағдай) құрады. 100% -ға төмендеді.
Соңғы 5 жылда нәресте өлімінің шыңы 2022 жылға келеді – 11,8-121 жағдай, одан әрі көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Мәселен, 2026 жылдың 6 айы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғанға шаққанда) 10,8 – 37 жағдайды құрады, шамалы төмендеу бар (2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда – 7,6 - 34 жағдай).
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы «Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК перзентхана ғимаратын күрделі жөндеу бойынша 3 жылдық жобаны іске асыру басталды.
Жобаның жалпы құны 1 191,6 млн.теңгені құрайды (2023 жылға – 442,8 млн. теңге, 2024 жылға – 279,8 млн. теңге, 2025 жылға – 469,0 млн. теңге).
Анықтама: Мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындысына сәйкес «RAKADA GROUP» ЖШС мердігері анықталды (шарт сомасы 1 148,8 млн.теңгені құрайды). Бүгінгі таңда қаражатты игеру 722,6 млн.теңгені құрайды (2023 жылы - 442,8 млн. теңге (РБ - 400, ЖБ - 42,8), 2024 жылы - 279,8 млн. теңге (РБ - 254,4, ЖБ - 25,4).
Қазіргі уақытта күрделі жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 76% - ға аяқталды. Жобаны аяқтауға арнаулы мемлекеттік қордан 418,0 млн. теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен 46,9 млн. теңге бөлінді.
2025 жылғы 12 тамызда жергілікті бюджет қаражаты есебінен 136,4 млн. теңге көлемінде алғытөлем төленді.
«Арқалық өңірлік ауруханасы» КМК перзентханасын күрделі жөндеуді аяқтауға бағытталған «RAKADA GROUP» ЖШС шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты сотқа талап арыз берілді.
2026 жылғы 22 қаңтарда сот шешімі бойынша «RAKADA GROUP» ЖШС мердігерінің пайдасына шешілді.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 2026 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1609,0 млн.теңге бөлінді. «Амангелді аудандық ауруханасы» КМК күрделі жөндеу жүргізуге 222,6 млн.теңге бөлінді.
2026 жылға 8,6 млрд. теңге сомасында медициналық техниканы сатып алу жоспарланған (жергілікті бюджет).
- Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде «Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасы» КМК - 2,3 млрд.теңге.
Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 2026 жылғы 01 шілде бойынша 12 890 қызметкер, оның ішінде 1 764 дәрігер және 5 347 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз ету құрайды: дәрігерлермен – 21,47, орта медицина қызметкерлерімен – 65,09.
Дәрігерлерге қажеттілік 123 адамды құрайды, оның ішінде ауылда – 34 адам.
Дәрігерлік кадрлардың кетуінің себебі дәрігерлердің басқа өңірлерге кетуі, медициналық ЖОО түлектерінің облысқа жетпеуі, сондай-ақ дәрігерлердің зейнеткерлік жасқа жетуі болып табылады.
Өңірге медициналық кадрларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мамандар үшін жергілікті бюджеттен көтерме қаражат қалаға 3,5 млн теңге, ауылдық жерлерге 5 млн теңге, Арқалық қаласына – 5 млн теңге және шалғайдағы ауылдық елді мекендерге (Амангелді және Жангелді аудандарына 400 км астам) 7 млн теңге көлемінде бөлінеді, медициналық ұйымда 7 жыл жұмыс істеген болу керек.
2026 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай облысының жергілікті атқару органдарынан 60 грант дайындауға игеру жоспарлануда.
2026-2027 жылдарында жыл сайын кемінде 120 дәрігерді тарту жоспарлануда.
Сондай-ақ ұйымдардың өз қаражатынан көтерме төлем, тұрғын үй беру және тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.