"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Алшан ауылында жад тақтасын абаттандыруға бағытталған "естелік" акциясы өткізілді. Іс-шараға оқушылар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, гүл отырғызып, жиектерді ақтап, жад тақтасының айналасын ретке келтірді. Бұл оқиға тарихи жадты сақтау мен қоғамдастық рухын нығайтудағы маңызды қадам болды.