
14 сәуірде Свердлов жалпы білім беретін мектебінің базасында Ұлы Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған 5-11 сынып оқушылары арасында дойбыдан оқушылардың аудандық спартакиадасы өтті.
"Алшан негізгі орта мектебі" КММ-нің 7-сынып оқушысы Динара Досаева 3-орынға ие болды, ал "Антоновка негізгі орта мектебі" КММ-нің 6-сынып оқушысы Иван Чередник жеңімпаз атанып, 1-ші орынға ие болды.
Жеңімпаздарымыз бен қатысушыларымызды құттықтаймыз! Сізге одан әрі сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!