Ауданымыздың мақтанышы; Дәуренбеков Тұребай Төлешұлы облыстық деңгейде атап өтілді

Ауданымыздың мақтанышы; Дәуренбеков Тұребай Төлешұлы облыстық деңгейде атап өтілді

4 маусымда Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет" облыстық форумы аясында "Агрофирма Олимп" ЖШС жүргізушісі Туребай Төлешұлы Дәуренбеков Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қостанай облысының әкімі адал еңбегі, кәсібилігі және аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін жоғары марапатты табыс етті.

Туребай Төлешұлын лайықты наградасымен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық және туған аудан мен облыстың игілігі үшін еңбекте одан әрі табыс тілейміз!