«Таза Қазақстан» акциясы

«Таза Қазақстан» акциясы

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауылдық округ аппаратында жабық өсімдіктерге күтім жасау жұмыстары жүргізілді.

Қызметкерлер суару, жапырақтарды шаңнан тазарту, топырақты қопсыту жұмыстарын ұйымдастырды. Өткізілген іс-шаралар қолайлы және эстетикалық жұмыс ортасын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

"Таза Қазақстан" акциясы ұжымды тазалық, тәртіп және экологиялық жауапкершілік мәселелерінде біріктіруді жалғастыруда.