
"Заң және тәртіп" айлығы аясында "Алшан негізгі орта мектебі" КММ — де "салауатты өмір салты-заңға бағынатын азаматты таңдау"атты спорттық жарыстар өткізілді.
Іс-шара 5-9 сынып оқушылары арасында өтті және оқушылардың бойында салауатты өмір салты, тәртіп, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Балалар жарысқа үлкен ынтамен қатысып, командалық рухты, ептілік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.