
Республика күні қарсаңында "таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Антоновка ауылында Целинная көшесіндегі екі автобус аялдамасы жаңартылды. 🚏
Жұмыстар ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау және абаттандыру мақсатында жүргізілді.
Мұндай бастамалар елді мекеннің келбетін жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға ықпал етеді. 🌿