Тельман ауылдық округінің "Агрофирма Олимп" ЖШС-де құрылыстың маңызды нысаны-заманауи астық кептіру кешені іске асырылуда.
✅ Жаңа кешен егінді сақтау сапасын едәуір арттыруға, астықты өңдеу процесін жеделдетуге және шаруашылықтың экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
✅ Бұл – өңір басшысы Қ.Ақсақаловтың агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы тағы бір қадам.
✅ Нысанды пайдалануға беру округ экономикасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мұндай жобалар-бұл Елбасы Жолдауының стратегиялық міндеттеріне толық сәйкес келетін азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтарды дамытуға нақты үлес.