"Жасыл ел"еңбек жасағының жауынгерлері

"Жасыл ел"еңбек жасағының жауынгерлері

Бүгіннен бастап Тельман ауылдық округінде "Жасыл ел" еңбек жасағының жауынгерлері өз жұмыстарын бастады. Бір ай ішінде олар округ аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Отрядтың негізгі мақсаты-елді мекеннің экологиясы мен келбетін жақсартуға үлес қосу, сондай-ақ жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Қатысушылардың жоспарында-аумақты жинау, арамшөптерді шабу, екпелерді күту және басқа да абаттандыру шаралары.

"Жасыл ел" жобасы-бұл пайдалы қоғамдық жұмыс қана емес, сонымен қатар жастар үшін еңбек дағдыларын, патриотизмді және табиғатқа ұқыпты қарауды дамытуға ықпал ететін маңызды тәжірибе.