"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Мәдени ұйымдастырушы, кітапханашы және "Смайлик" балалар клубының (Алшан ауылы) қатысушылары футбол алаңының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Балалар қоқыстарды ынтамен жинап, қоршаған ортаны ретке келтіріп, табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын талқылады. 🌿