"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Киевская көшесін тазарту жұмыстары аяқталды. Бір апта ішінде аумақты жинау жүргізілді: 8 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар мен қураған қалдықтар шығарылды. "Колос" ЖШС - Фирма қоқысты шығаруға белсенді көмек көрсеткені үшін және осы маңызды іске қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз бірге қаланы таза әрі жайлы етеміз!