
Свердловка ауылының тұрғындары абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, өз аулалары мен үйлерінің айналасын ретке келтіруде. Қоршауларын сырлап, аулаларын тазалап, шабылған шөптерді жинап, туған ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Ең бастысы — бұл игі іске балалар да атсалысуда. 
Олар ата-аналарына көмектесіп, үлкендермен бірге аула тазалығына үлес қосуда.
Баланың ең алғашқы тәрбиесі — ата-ананың үлгісі. Осындай қарапайым еңбек арқылы ата-аналар балаларға тазалықты сақтауды, еңбек етуді, табиғатты қорғауды және туған жерге қамқор болуды үйретеді. 
«Таза Қазақстан» — әр отбасының, әр тұрғынның күнделікті ісінен басталады. Бүгін біз таза аула жасасақ, ертең балаларымыз таза әрі көрікті ауылда өмір сүреді!