«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылымыз көркейіп келеді!

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылымыз көркейіп келеді!

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және ауылды абаттандыру жұмыстары аясында Свердловка ауылының тұрғындары өз ауласы мен оған іргелес аумақтарды тазалап, ретке келтіруге белсенді қатысуда.

Ортақ іске жеке кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. «Эрлих» ЖК-нің «Катюша» дүкені ғимаратқа сырлау жұмыстарын жүргізіп, дүкен маңындағы аумақтың шөбін шапты.

Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Белсенділік танытып, туған ауылымыздың көркеюіне үлес қосып жатқан барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз!

#тазаказахстан♻️