
Кездесу барысында ауыл аумағын таза ұстау, инфрақұрылым нысандарын сақтау, жасыл желектерді қорғау мәселелері түсіндірілді.
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, сондай-ақ жасыл желектерді жою немесе зақымдау:
* жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде ескерту немесе айыппұл салуға;
* шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде;
* орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде;
* ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1 АЕК мөлшері — 4325 теңге.
Тұрғындарды ауыл тазалығын сақтауға және белгіленген қағидаларды қатаң ұстануға шақырамыз.