
Свердлов жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Аденова Адина республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасында мектебіміздің намысын абыроймен қорғады 
«Құқық негіздері» пәні бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 11-сыныптың 50 қатысушысы арасында Адина жоғары білім деңгейін, табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсете отырып, жүлделі 2-орынды иеленді 
Бұл – қажырлы еңбек пен мақсатқа деген айқын ұмтылыстың жемісі. Осындай жетістікке жеткені үшін Адинаны шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!