
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Свердловка ауылында «Көрдің бе – көтер!» акциясы өтуде.
Аталған акцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, әр тұрғынды тазалықты сақтауға шақыру. Ауыл тұрғындары мен белсенділер көшелер мен қоғамдық орындарда кездескен қоқысты жинап, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосуда.
«Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады».
«Таза ауыл – ортақ жауапкершілік».
Бірге таза әрі жайлы орта қалыптастырайық!