
Халықаралық әйелдер күні — 8 Наурыз мерекесіне орай, «Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Свердлов ауылдық округінің көпбалалы аналарын шын жүректен құттықтады!
Бұл ерекше күні біз балаларына махаббат пен қамқорлық сыйлап, еліміздің болашағын тәрбиелеп отырған әйелдерге шын жүректен алғыс білдірдік.
Әрбір көпбалалы ана өздерінің баға жетпес аналық еңбектері үшін естелік сыйлықтар мен ризашылық сөздерін алды. Сіздерді мақтан тұтамыз және денсаулық, амандық, бақыт және таусылмас шабыт тілейміз!
Әр күніңіз қуанышқа толы болсын, жаныңызда әрқашан сүйіспеншілікпен қараушы жақындарыңыз болсын! 
Қымбатты әйелдер, 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! 