
Бүгін Свердловка ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Бірге Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында үй маңындағы аумақтарды тазалау, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіз қозғалуына кедергі келтіретін құрғақ бұтақтарды кесу жұмыстары жүргізілді. Акция тұрғындардың тазалығын, тәртібін сақтауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
#тазақазақстан
Тазалық — біздің ортақ ісіміз! Барлық тұрғындарды туған ауылдың жағдайын жақсартуға белсенді қатысуға шақырамыз.