
Свердлов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында аумақты қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Елді мекеннің көшелері мен қоғамдық орындарын тазалау «Колос» ЖШС арнайы техникасының көмегімен жүргізілуде. Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда.
#тазаказахстан