
Свердлов ауылдық округі аумағында Денисов ауданы ПБ ЖҚҚБ ОМПС учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Кабанец Ю.В.- ның 10–11 сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен, учаскелік полиция инспекторының негізгі міндеттерімен, сондай-ақ қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығымен танысты.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға ықпал етеді.
#Заң_мен_тәртіп