Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында бүгін жастардың еңбек жасағы «Жасыл Ел» «Әрқашан таза болсын» акциясына қатысты. Жастар Свердловка ауылындағы Ленин көшесінде орналасқан қоқыс жәшіктерін шығаруға көмектесіп, туған ауылымыздың тазалығы мен көркейуіне өз үлестерін қосты.