Бүгін республикалық экологиялық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағы "Ізгі істер марафонын" ұйымдастырды. Жастар жалғыз тұратын зейнеткер Пашков Николай Кирилловичке көмектесіп, үйінің жанындағы шөпті шауып, ауласын ретке келтірді. "Жақсылық жасағанға жақсылық қайтады."
"Басқаларға көмектесу – өз өміріңді де жақсы ету."